Басты жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікарімова: Пластикалық ота жасатуым мүмкін

Қайтар Нұртастың келіншегі келбеті туралы сын айтқандарға жауап берді

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың келіншегі келбетіне қатысты сын айтып, мін таққандарға жауап берді деп KYN.KZ хабарлайды Жұлдыз желідегі парақшасында пластикалық ота туралы сөз қозғады. Айтуынша өзінің сұлулығына мін тағатын адамдар оны ота жасатқан деп кінәлайды. Дегенмен ешқандай операцияға жүгініп көрмеген Жұлдыз, қартайған шағында пластикалық ота жасатуы мүмкін екенін айтты. "Пластикалық ота...  Бұл операцияға жүгінетін жандардың саны күннен күнге артуда. Кейбіреуі денсаулығына байланысты п.ота істетсе, бірі сән үшін және пластиканың құмарына кіріп кеткендер п.отаға жүгінеді. "Ал, өзім пластикалық отаға жүгініп көрген жоқпын, қажеті жоқ болғандықтан. Аллаhқа шүкіршілік айтамын 12-мүшемнің түгел, денімнің сау аман болғанына. Мен өзімді, сырт келбетімді және тәнімді жақсы көретін жандардың қатарынанмын. Бірақ, жасым ұлғайған кезде п.ота жайлы ойлануым мүмкін... бәрі мүмкін ... Иә, қазіргі таңда ешкімді Жаратқанның сыйға берген табиғи сұлулығын сөзбен айтып жеткізбес бұрын, тіпті дәлелдей де алмассыз. Әрине пластикалық отаға жүгінгендерден шынайылықты сарапшылар ғана ажырата алатын шығар, бірақ өзіме бәрібір. Әркім өзі шешеді сондықтан артық "дұрыс" я "бұрыс" деп сөгуге болмас. #instagram#youtube, желілерде бәрі ашық түрде, денесі мен бетіне бір жаңалық енгізгендей фото/видео жүктеп, #ПОСТ арнап жазады(бұл, менің ойымша артық). Осыдан-ақ, көпшіліктіңі ой - пікірі нағыз табиғи сұлулықпен жүрген қыз- келіншектерді көрген кезде, көздері шағысып өздеріне сенбей , әйтеуір мін тағып отырады: "ой,ақшам болса мен де істетіп сұлу бола аламын; ой, бәрі жерін істетіп алған; шаш жалғап алған, қас, жақ істетіп алған ғой, ой т.т " -деееп әңгімелерін доғарар түрлері жоқ. Тіпті бір құбжық болғандай апарып тастайды. Өзім біреуге кінә тағудан аулақпын, десе де (өсекші сайттарда) желіде мені салыстырып, ортаға салып талқылаудан  алдына жан салмайтын белсенді желі қолданушылар да жетерлік. Менің келбетімді "10 жыл бойы пластикалық xиругиядан өткен", деген әңгімеден кейін туындаған #өзойым ғой... Өздеріне  сенімді айтып жүрген #СҰЛУУУларға  арналады!!! Соған қарағанда менің келбетім мінсіз болып тұр-ау! Дегенмен рақмет айтамын әр-қайссыңызға!  Аман болыңыздар! Ең бастысы құдай қосқан қосағыма @kair_n жар, құдай берген балаларыма әлемдегі мінсіз ең сұлу ана екенімді білемін!", - деп жазды.