Қоғам

Ақтөбелік Бағдагүл көріпкел Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты өз болжамын жасады

Бағдагүл емші: Бұл 100 жылда бір қайталанатын ірі жер сілкінісі.

Алматыда болған 6 баллдан асатын жер сілкінісі көпшіліктің даурығуына алып келді. Қазір де көпшілік жер үйлерге көшіп, демалыс күндері қаладан шығып кетуге тырысып, алаңды өмір сүруде. Тіпті ресми емес үрейлі ақпараттар көп. Желіде құстар мен жануарлардың өздерін үрейлі ұстаған видеолары тарап, тұрғындарды  одан әрмен қорқытып жатыр десек те болады.

Осы орайда KYN.KZ  тілшісі емші әрі көріпкел  ақтөбелік Бағдагүл ханымға хабарласқан еді. Ол тура қазір дүрлігетін ештеңе жоғын айтуда.

"Тура қазір қауіп жоқ. "15-і болады" деп даурыққан кезде біздер шырақ жақтық. Ата маған "Шырақ жақ" деп аян берді. Шырақ жаққанда күліп-ойнап, бата қылдық. Ол кезде менің аузым дуалы ғой "Қытайда болсын ба? Айдалаға көрінсін деп оқиық" деп аузыма өзі келді. Ошағы 10 балл болды. Расымен айдалаға көрінді. Енді болмайды. Ең қиынын өткердік. бізге 6 баллдан сәл асып көрінді.

Атаның айтқаны енді болмайды. Қазір болса 2-3 балл болады. Шырақты елмен бірігіп жақтық. Шыраққа әйел адамның қолын аспанға көтерген бейнесі түсті. Тілегіміз қабыл болды. Өткен жексенбі сиыр сойып, құран оқытыңдар деген аянмен ел болып, садақа бердік. Енді мүлде қорқудың қажеті жоқ. Бастысы әруақтар қолдап, осы бір ауыр сәт жеңілімен келіп, аман өттік.

31-і күні шамалы сезіледі. Шамалы халық қорқады. Бірақ, олай дабыра қылатын қауіп-қатер жоқ. 1-ші Ақпан күнен бастап, тыныштық орнайды",-деді KYN.KZ  тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында көріпкел Бағдагүл ханым.