Мәдениет

Әли Оқапов жұрт сынаған марапаты бойынша заңға бағынып, өз ойын жүзеге асыра алмай қалғанын айтты

Көпшілік Оқаповты "Құрмет" орденіне лайықсыз деп сынаған еді.

Әли Оқапов  көпшіліктің сынынан кейін марапаттарынан бас тартып, оны мемлекетке қайтарып беретінін айтқан болатын. Жұрт оның сөзінде тұрып, марапатын тапсырған, тапсырмағанын желіде жиі сұрайды. Әнші  тыңдарманды алаңдатқан сұраққа жауап беріп, бұл мәселенің нүктесін қойды.

Әнші «Таңшолпан» бағдарламасында берген сұхбатында заңға бағынғанын жеткізді.

Сонымен қатар, өнер иесі бәріне ұнау мүмкін емес екенін айтады.