Астанада 11-сынып оқушылары жабылып 8 оқитын қызды зорлаған
Зәбір көрсеткен жасөспірімдер қазір қамауда.
Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Кейін полиция да растады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бірақ қылмыстың қалай, қайда болғаны ашып айтылған жоқ. Астана полиция департаменті тек "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер" бабы бойынша тергеуді бастағанын хабарлады.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да бұл ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіпті. "Күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды" деп жазған обудсмен. Қазір Зәкиева теперіш көрген қыздың анасымен байланыста және онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.