Қоғам

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны күтілуде

Синоптиктер еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін деп ескертті.

Ақпан айында қар емес, жаңбырдың мол жаууына байланысты еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны күтілуде, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қазгидромет» ақпан айында жылымық орнаса болды, таулы аймақтарда жағдай қиындайды деп отыр.

Толассыз жауған жаңбыр тау басында жиналған қарды ерітіп, көршілес елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін. Синоптиктер алапат судың астында қалмауымыз үшін бассейндерге су қорын жинап жатқанын айтады.

Дегенмен ауа температурасы көтеріліп, онымен қоса жаңбыр тоқтамаған күндері таулы аймаққа барудан сақ болу керек, дейді мамандар.