Ақ үйде өтіп жатқан қайырымдылық асына Нұрлан имам да қатысты
Ақ үйде жыл сайын ететін қайырымдылық дастарханына биыл Нұрлан имам да қатысып жатыр.
АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өтіп, оған Қазақстаннан дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысты, деп хабарлайды KYN.KZ.
Сонымен қатар алқалы жиынға алпауыт елдің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырылған.
"Негізгі мақсаты - әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл - әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы" - деп түсіндірді АҚШ-тағы ас туралы Kazinform агенттіктің дереккөзі.
Белгілі болғандай, қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан имам АҚШ-қа жолға аттанғалы отырғанын жазған болатынбыз. Ол Америка көшбасшысы жыл сайын қайырымдылық ас беретінін айтқан. Жиынға әлем мемлекеттерінің бетке ұстар азаматтары шақырылады.