Қоғам

Терроризмді насихаттап, Сирияға кетпек болған күдікті Шымкентте ұсталды

Бұған дейін Сириядағы содырлар арасында соғысқан қазақстандық шетелден елге әкелінген еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен 1 ақпанда Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
 

Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Күдікті бірден абақтыға жабылды.