Көкшетауда сүндетке отырғызылған бала көз жұмды
Реанимацияға жатқаннан кейін бір жарым сағаттан соң көз жұмған.
Көкшетауда бірер күн бұрын сүндетке отырғызылған бала көз жұмды, деп хабарлайды Спутник Қазақстан Телеграм-дағы арнасында.
Бала 28 қаңтарда сүндеттелген. Үш күннен кейін ішінің төмен жағы ауыратынын айтып, хирургке қаралған.
Реанимацияға жатқаннан кейін бір жарым сағаттан соң көз жұмды.
Алдын ала болжам бойынша оның өліміне анафилактикалық шок себеп болған.
Нақтысын сараптама анықтайды.