Қазақстан президенті 78 жасқа толды
Нұрсұлтан Назарбаев отбасында көптен күткен ұл болған. Ол дүниеге келгенде бүкіл ауыл тойлаған.
1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді.
Жасөспірім шағында өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болған президент 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiреді.
20 жасынан бастап Қарағанды металлургия зауытында еңбек етіп, кейін сол зауыттың құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеген.
Ал 1969-1973 жылдары Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарады.
1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. Сол жылы Қазақ КСР президенті болады.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 пайыз) жеңіске жетіп, Қазақстанның тұңғыш президенті атанады.
2015 жылғы 26 сәуірде өткен сайлауда сайлаушылар дауысының 97,75 пайызына ие болып, бесінші рет Қазақстан президенті болып тағайындалды.
Елбасы сонымен қатар Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының, "Нұр Отан" партиясының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.