Басты жаңалықтар

Семейде қаладағы ең үлкен киім базарынан өрт шықты (видео)

Семейде қаладағы ең үлкен киім базары жаппай өртенді

Семейдегі ірі киім базарынан кеше түнде өрт шықты– оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды. 

"Ақшын" базары өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтап жатыр. Арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері де жүр", - делінген хабарламада.