Саясат

Президент үкіметтің неге отставкаға кеткенін түсіндірді

Президент министрлер кабинетіне жаңа тұлғалар тағайындалатынын атап өтті.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың неге отставкаға кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасаған KYN.KZ.

"Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет деп ойлаймын. Бүкіл қоғамның күтіп отырғаны – осы. Сол себепті мен кеше Әлихан Смайыловтың отставкасын қабылдадым", – деді Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында жаңа кандидатураны таныстырып.

Президент үкіметтің қаржы-экономикалық блогы өзгеретінін атап өтті. Айтуынша, министрлер кабинетіне жаңа тұлғалар тағайындалады.

Премьер-министр кандидатурасына Президент әкімшілігінің басшысы болғанОлжас Бектенов ұсынылды.