"Қазақ қыздарын әуелі отбасы,сосын барған жері қысып ұстайды ": Меруерт Түсіпбаева әйелдерді кінәлаған депутатқа шүйлікті
Түсіпбаеваның сөзінше, көптеген қазақ қыздары келін болып түскен үйінің илеуіне көніп, өзін ұмытқан
Әнші қазақ қыздарын ойлап қынжылатынын, оларды басып өсеретінін, қайын жұртта да робот көретінін Instagram-дағы жазбасында жеткізді, деп жазады KYN.KZ.
"Бүгін Варшава көшелерін аралап жүріп, қазақ қыздарының өмірі қандай қиын екенін ойладым. Жаяу жүргенде миыңа сансыз ойлар келеді. Өзімнен өзім, қазақтың қыздары неткен мықты деп ойладым. Отбасында, көбінесе қазақтар қыздарын басып өсіреді. "Қой, ұят болады, олай жасама" деп ұрысады, жұмысқа салады. Негізі, қатты ұстайды. Сосын, оқығаны оқып, күйеуге шығады.
Сынақтар жалғаса береді. Ол жерде, аждаhaлар дайын. Ене, (енесінің сіңілі-әпкелері) атасы, қайынсіңілілері және өз күйеуі. Оны жақсы адам деп есептейік (ішкіш, ойынқұмар, жүргіш, нашақор болмағанда) Енді өз отбасындағыдан бетер өмір басталады. "Отыр, тұр, жина, сыпыр, неге мынау былай, неге анау солай" деген сөздер кетеді. Жүйке жүйесіне қысым басталады. Ол байқұс қыз бөтен жерге келді. Ол да стресс, 1-2 жыл үйренсін деп ешкім күтпейді!
Оның сөзінше, қыздарды қайын жұрты да аямай жұмсап, робот көреді. Кеше әйелдерді кінәлаған депутатты да тілге тиек ете кетті.
"Бірден робот секілді үйренісіп кету керек. Одан бала туады, жұмыс одан сайын көбейеді. Енді, келін, ана, жар , өз ата-анасына да қарайлайды, жұмысы бар. Жұмыстан керегін арқалап келіп, тынбай үй жұмысын жасайды.
Сонда да ешкімге жақпайды. Менің көп таныс құрбыларымның өмірі осы. Өздеріне де қарайды, бала-шағаны да өсіріп тәрбиелейді. Бір жүрген роботтар, аман болыңдар қазақтың мықты қыздары. Ал депутат мырза, сіз осы режимде бір күн өмір сүрсеңіз үндемейтін едіңіз. Айтуға оңай, бұл бер жағы ғана", - деп жазды әнші.