"Астарлы ақиқат" бағдарламасын жүргізбейтінін мәлімдеген Дина Төлепберген енді қай салаға кетпек
Тележурналист Дина Төлепберген Болливудтан сәлем жолдап, бұл салаға қызыққанын жеткізді.
Тележүргізуші әзілдеп енді киноиндустрия саласына көңіл бөлетінін мәлім етті, деп жазады KҮN.KZ.
Дина Төлепберген Үндістандағы саяхаты туралы Instagram парақшасында жария етті. Ол тележүргізушілікті қойып, кино саласына қарай бет бұрам деп әзілдеді. Тележурналист бүгінде киноның отаны саналып кеткен Болливудтағы саяхатты туралы танымдыө контент жариялаған.
"Астарлы ақиқаттан кеткенімді көбісі түсінбей, түрлі ойға балап жатыр. Шынында да, ендігі көңілімді киноиндустрияға бөлгенімді жөн көрдім. Оның Отаны-Болливуд ! Қалың орман, әсем табиғат! Нағыз кино өмірдің көрінісін көресіз. Үңіліп қарайтын үнді сериалының тұсауы 130жыл бұрын осы бір Болливудтың төрінде кесілген. Өзімді құдды бір киножұлдыз сезініп, өзінше эйфорияға, эмоцияға бөленіп қайттым", - деп жазды тележүргізуші.