Қоғам

Алматы облысында сабақ үстінде мұғалім оқушыға қол көтерген: полиция түсінік берді (видео)

Алматы облысындағы мектепте мұғалімнің оқушыға қол көтергені видеоға түсіп қалды

Желіде мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңнің видеосы пайда болды. Видеода мұғалімнің оқушыны ұрып жібергенін көруге болады. Бұл жайтқа қатысты Алматы облысының полицейлері түсінік берді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Желіде ер мұғалімнің оқушығы ұрысқаны түсірілген видео пайда болды. Мұғалімнің оқушыға қол көтергені де видеода көрінеді. Сондай-ақ ер адам оқушыны жұлқылаған.

Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.

"25 қаңтарда Іле аудандық полициясына Қосөзен ауылының 43 жастағы тұрғыны жүгінді. 2024 жылғы 25 қаңтардағы жағдай бойынша орта мектептердің бірінің мұғаліміне шара қолдану туралы арыз жазғанын хабарлаймыз. Тұрғынның сөзінше, мұғалім әмелетке толмаған ұлына сабақ үстінде тіл тігізіп, оны ұрып-соққан", - деді полиция өкілдері.

Аталған факт аудандық полициясында тіркеліп, ұстазға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ведомствоның процессуалдық шешім қабылдау үшін сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқығын қорғау комитеті NUR.KZ тілшісіне мұғалімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын растады.

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында", - деді ведомство өкілдері.