Қоғам

БАҚ: Смайылов Астана әкімі болып тағайындалмақ

Экс-премьер әкім болады деген ақпарат тарады

Экс-премьер Әлихан Смайылов Астана әкімі лауазымына кандидат ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі  ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеп. 

Премьер-министр қызметінен кеткен Смайыловтың елорда әкімі болуы мүмкін екендігі туралы айтылды.

Смайылов 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың 5 ақпанына дейін премьер-министр қызметінде, оған дейін 2018 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың мамырына дейін Қаржы министрлігін басқарды, ал 2019 жылдың ақпанынан бастап министрлер кабинетінің басшысы болып тағайындалғанға дейін бірінші вице-премьер болды. Одан бұрын 2015 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін Президенттің көмекшісі болды.