Қоғам

Ақтөбеде 20-дан астам ауылда жарық өшіп қалды

Ақтөбе облысында қатты боранның салдарынан 20-дан астам ауыл электр жарығынсыз қалды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ауа райының қолайсыздығынан туындаған электр жарығының сөнуіне қатысты облыс тұрғындарына үндеу жасады. деп хабарлайды облыстық әкімдігіне сілтеме жасаған KYN.KZ.

Электр жарығын қалпына келтіру жұмыстары - өңір басшысының бақылауында

Ол қазіргі уақытта апаттық жағдай бойынша қалпына келтіру жұмыстарын арнайы мамандар күшейтілген режімде жасап жатқанын жазған.

"Қала бойынша 15 бригада жарық сөнген жерлерге жұмылдырылды. Қажетті техникалар мен көліктер бар. Облыс бойынша электр қуатынсыз қалған аудандардағы кейбір ауылдарда да жұмыстар жасалуда.

20 авариялық бригада мен 70-ке жуық техника тартылды. Кей елді мекендерде қуат көзі қалыпқа келтірілді", - деп Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазғае өңір басшысы бұл мәселе жеке бақылауында екенін айтып өткен.

Облыс әкімі электр қуатын қалыпқа келтіріп, тұрғындарды тез арада жарықпен қамту бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берген. 

Сондай-ақ электр қуатынсыз қалған кейбір ауылдарға 20 апаттық бригада мен 70-ке жуық техника жіберілді.