Басты жаңалықтар
Мемлекет басшысы боранда халыққа көмекке асыққан жандарға алғыс айтып, наградаға ұсынды
- автор kyn.kz
- 12 ақпан, 2024
- 1.5k
Олардың ішінде Ақтөбеде науқасқа қалың қарда еңбектей жеткен дәрігерлер де бар.
Қазақстан Президенті боранда халыққа көмекке келген бірқатар қызметтердің өкілдеріне алғыс айтты.
«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті» деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




