Басты жаңалықтар

Мемлекет басшысы боранда халыққа көмекке асыққан жандарға алғыс айтып, наградаға ұсынды

Олардың ішінде Ақтөбеде науқасқа қалың қарда еңбектей жеткен дәрігерлер де бар.

Қазақстан Президенті боранда халыққа көмекке келген бірқатар қызметтердің өкілдеріне алғыс айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.