Қоғам

"700 адам құрбан болады": Қарағандыда белгісіз біреулер мектепке шабуыл жасалатынын хабарлады

Қарағандыда белгісіз біреулер мектепке "шабуыл жасайтыны" жайлы хабар таратқан.

Қазір өңірдегі барлық мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды KYN.KZ.

Таңертең қарағандылықтарға белгісіз біреулер мектепке шабуыл жасалатыны және кемі 700 құрбан болатыны жайлы ақпарат таратқан. Полицейлер жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта бұл ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылаудың жүргізілуіне және мектеп маңында полицияның болуына ерекше назар аударылады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаменті өкілдері.