Алматыда такси жүргізушісін жолақы төлемеу үшін өлтірген жасөспірімдер 12 жылға сотталды
Алматыда такси жүргізушісін өлтірген кәмелетке толмаған екі бала бас бостандығынан айырылды.
қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды қалалық соттың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасаған KYN.KZ.
Іс Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылғы жаз айында сотталушылар Г. мен Х. Шымкент-Алматы бағытында такси шақырған. Айыпталушылар өздеріне көрсетілген қызмет үшін 40 мың теңге төлемеу үшін таксисті өлтіріп кеткен.
Айтуынша, жасөспірімдер жүргізушіге бірнеше рет пышақ сұққан, жүргізуші сол жерде көз жұмған. Кейін олар жүргізушінің көлігін айдап, телефонын ұрлап кеткен.
Жігіттер сотта өз кінәларын мойындамаған.
"Алқабилер алқасының үкімімен сотталушылар Г. мен Х. заңсыз қасақана адамды өлтіргені үшін (Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша) кінәлі деп танылып, әрқайсысы 12 жылдан бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. делінген сот мәлімдемесінде.