Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін: ТЖД ескерту жасады
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін Алматы облысының тауларында 12 – 15 ақпан күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
"Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауы мен жаңбыр, қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", - деп ескертті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.