"Сол кезде конвертпен алмаған": Еңбек министрі 750 мың теңге зейнетақы алатын қазақстандық туралы айтты
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі Светлана Жақыпова ведомствоның алқа отырысында 750 мың теңге зейнетақы алатын азаматтың қандай жалақы алғанын айтты.
Светлана Жақыпова Қазақстанда 750 мың теңге зейнетақы жалақы алатын азамат барын растады, деп хабарлайды KYN.KZ ведомствоның алқа отырысына сілтеме жасап.
"Бұл адам 1998 жылдан бері жоғары жалақы төленетін жұмыста еңбек етті. Шамасы ол максималды төлем салып отырған. Менің ойымша, ол сол кезде конвертпен алмай, әр жалақы сайын 10 пайызын тікелей аударып отырғаны жарап тұр. Мен барлығына осындай зейнетақы тілеймін", - деді Светлана Жақыпова.
Еске салайық, 2024 жылдан бастап Қазақстанда базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге, орташа зейнетақы – 57 853 теңге, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетен зейнетақы мөлшері – 30 384,9 теңге.