Басты жаңалықтар

Алматыдағы ЖОО біріндегі "пәк қыздар тізімі" таралып кетті: сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Алматы прокуратурасы nfhfg rtnrty "пәк қыздар тізіміне" қатысты дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 

Алматы прокуратурасының нұсқауымен қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде тараған "пәк қыздар тізіміне" қатысты дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KYN.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 14 ақпанда Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпиясы бар жеке деректері мен мәліметтерін тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 147-бабы бойынша (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Прокуратураның баспасөз қызметі қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

Айта кетейік, жуырда Алматыдағы ірі жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері бар тізім тарады, тізімде қайсы қыз пәк, қайсысы пәк емес екені туралы да ақпарат бар делінді.