Қоғам

Теміртауда дүкенде газ жарылып, ғимарат опырылды: үйінді астынан бір адам іздестіріліп жатыр

Теміртауда таңертең дүкенде газ жарылып, ғимарат опырылды: үйінді астынан әйел шығарылды. Тағы да адам іздестірілуде.

Теміртауда дүкен ғимараты газ жарылысынан өртке оранып, опырылған. Үйінді астынан әйел адам шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Ведомсто мәліметінше, бүгін сағат 08.06-да Теміртау қаласы, Ватутин көшесі, 2 қабатты дүкеннің мекенжайында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкен ғимараты опырылып, өртке оранды. "Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері анықталған. Үйінділерді тазалау жұмыстары басталды. ТЖД күштерінен 17 адам және 5 техника жұмылдырылған, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр.", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, сағат 08.44 үйінді астынан әйел адам шығарылды. Зардап шеккен әйелдің жағдайы нақтыланып жатыр.

Әйелдің сөзінше, үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді тазалу жұмыстары жалғасуда.