Қоғам

Теміртауда дүкендегі газ жарылысы: үйінді астынан бір әйел өлі табылды

Өртенген үйінді астынан бір әйелдің денесі шығарылды.

Теміртауда бүгін таңертең екіқабатты дүкенде газ жарылып, ғимарат қираған еді. Үйінді астынан бір әйелдің денесі шығарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

"Сағат 09.49-да үйіндінің астынан қаза тапқан әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейәк, бүгін Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртке оранып, опырылған. Сондай-ақ, үйінді астынан әйел адам шығарылып, бір адам іздестіріліп жатқанын хабарланған еді.