Денсаулық

“Көп дәрі берген, күніне 7 система салған”: Алматыда 2 жасар сәби көз жұмды

баланың анасы дәрігерді инстаграмдағы жарнама арқылы тапқан

Атыраулық келіншек Айымгүл Айтбаева инстаграм арқылы тапқан дәрігердің емінен соң баласы ауырғанын айтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Баланың анасы:

Баланың жағдайы нашарлаған соң, анасы жедел жәрдем шақырған. Балаға ота жасалған. Күрделі отадан соң, бала 2 күннен соң қайтыс болған.

Бала 2 жарым жаста болса да еңбектеген, жүре алмаған. Ата-ана сол үшін уайымдаған еді. Әкесі көтеріп алып келген баламыздың сүйегін алып кеттік деп қынжылады. Баланың дамуы қатарынан кеш болған екен.

Әйгерім Асқарова есімді дәрігерді олар инстаграм арқылы тапты. Олар дәрігердің емін алған науқастардың пікірлері оқып, “баламыз жүріп кетер” деп үміттенген.

“Қонжық премиум” дәрігері Әйгерімнің тек консультациясын 200 мың теңгеге сатып алған. Системасы 100 мың, массажы 100 мың болған. Анализ тапсыратын жерді өздері жазып берген. Баланың ата-анасы оған 150 мың теңге жұмсаған.