Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Екі күйеуім де асырап, баққан жоқ": Мөлдір Әуелбекова ажырасу туралы ойын айтты (фото)

"Екі күйеуім де асырап, баққан жоқ": Мөлдір Әуелбекова ажырасу туралы ойын айтты  (фото)
инста парақшасынан
Екі некесі де сәтсіз болған әнші Мөлдір Әуелбекова ажырасқан кезде өз-өзіне қолдау болғанын жеткізді.

Әншіге желідегі оқырманының бірі "Ажырасу өте ауыр кезең. Сіз ажырасқаннан кейін өз-өзіңізге қалай келдіңіз?", - деп сауал жолдаған. Ал Әуелбекова екі күйеуіне де қаржылай тәуелді болмағанын және босанғанына 20 күн толғанда жұмысқа шығып кеткенін ашып айтты.

"Менің жағдайым басқаларға қарағанда өзгешелеу. Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни, мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, маған күйеусіз ары қарай өмір сүріп кету қиын болмады. Оның үстіне бірінші күйеуіммен толыққанды бірге тұрмадым. Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды. Мен енеммен басқа қалада тұрдым. Екіншісімен жеті ай ғана тұрдым. Екеуінде де, босана сала 20 күннен соң жұмысқа шықтым. Өзіме өзім қолдау болдым. Үйде, толыққанды декреттік демалыста отырған әйел болмадым. Сол үшін де маған ажырасуды бастан өткізу жеңілірек болды. Түбегейлі жұмысқа кірісіп, күйзелістен оңай шықтым. Оның үстіне жанымда ата-анам қолдаушы болды. Сол үшін де әр отбасыдағы ажырасу кезеңіндегі қиындықты ситуацияға байланысты қарау керек", - деді әнші. 

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар