"Зорламақ болған": Алматы облысында төрт баланы азаптады деген күдікті қамалды (видео)
Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды.
Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өткен. "Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды", - деп хабарлады өңірдің бас полицейі.
Бейресми дерек көздерінде, күдікті балаларды зорламақ болған деп айтылып жатыр.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған.