Қытайдың ащы таяқшалары несімен қауіпті: тағамның құрамына күдіктенген тұрғындар жауапты мекемеге жүгінген
Денсаулығына шағымданған тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінген. Қазір өнімнің құрамы зерттеліп жатыр.
Елімізде жарнамасы жер жаратын, бірақ шығу тегі белгісіз тағамдардың 72 проценті денсаулыққа зиян. Мамандардың сөзінше, денсаулығына шағымданған тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінген соң, қазір өнімнің құрамы зерттеліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.
Ащы таяқшаларды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растап, тыйым салғанмен, ақшаға құныққандар алыс-жақын елдерден «қоқыс» тауарларды арбалап та, дорбалап та тасып жатыр. Әсіресе жасөспірімдер исі де, дәмі де бір түрлі «ла тиао» деп аталатын ащы таяқшаларды құмартып жейді.
Халық пікірі:
- Басқалары да алған соң, қызығып аламын. Жалпы алып тұрамын, өте дәмді.
- Жеп көрдім, иә. Ашты. Желудокқа жаман әсер етеді, бірақ күшті.
Бұл ащы таяқшаларды кез келген азық-түлік дүкендері мен интернет магазиндерден оңай сатып алуға болады. Жарнамасы "мен мұндалап" тұр. Бағасы да қымбат емес. Ал оны кім, қайдан әкеледі?
- Оригинал бәрі. Таза Қытайдан алып келеді прямой завоз. Оптовый бағамен бере аламыз. Оптом басқа региондарға 50 мыңнан жоғары жүреді. Алматы қаласында 30 мыңнан жоғары.
- Бізде қазір 3 түрі бар. Екеуі кішкентай біреуі үлкендеу. Үлкендеуі 300 ден кішкентайлары 150 ден болады.
Қауіпті өнімді тұтынғандардың арасында инфекциялық, аллергиялық аурулар туындайды. Денсаулығына шағымданған тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінген. Қазір өнімнің құрамы зерттеліп жатыр.
Әйгерім ЖЕТІЛГЕНОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:
Астана қаласы бойынша осы қытайдың ащы таяқшаларына 14 сынама алынды. Яғни, ол кеден одағының 021-ші тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы, 022-ші тағам өнімдерінің таңбалау бойынша және 029-шы техникалық регламенттерінің көрсеткіштеріне сай осы қытайдың ащы таяқшаларына сынама алынды. Сол сынама алғаннан кейін ұлттық сараптама орталығына зерттеуге жіберілді.
Мамандар тағамның сыртқы қаптамасында қазақ, не орыс тілінде ақпарат берілмесе, ол өнімді алуға асықпаңыз дейді. Өйткені ондай өнімдердің басым бөлігі елімізге заңсыз жолмен келеді.
Тұрсын ЖАҚПАРОВА, ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША БАС САРАПШЫ:
Әр заттың маркировкасында оның құрамы болу керек, оның сақтау мерзімі болу керек, қай температурада сақтау керек. +ол заң ретінде келсе, онда ол кеденнен өткенде траспортный растоможка болады, оның салығын төлейді, оны сосын сараптамаға беру керек. Сараптама оны дәлелдеу керек. Біздің Қазақстанның. Сертификат береді. Сосын барып оны елімізге кіргізу керек.
Өлімге алып келетін факторлардың жартысынан көбі сапасы нашар, қауіпті қоспалармен әзірленген тағамдар кесірінен болады. Әлемдік тәжірибеде Дания, АҚШ, Мексика сияқты мемлекеттер зиянды тағамдарға қосымша салықты міндеттеген. Нәтижесінде денсаулыққа қауіпті өнімдердің саудасы 70 процентке қысқарған. Ал Қазақстанда әзірге мұндай заң күшіне енбей отыр.