Қоғам

Павлодарда мектеп оқушысының басына шкафтың сынған есігі құлаған

Павлодарда бесінші сынып оқушысының басына мектеп сабағына дайындық кезінде мектеп шкафының сынған есігі құлап түсті.

Оқушыдар оң жақтағы самай аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі байқалған, деп хабарлайды KYN.KZ Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 8:10-да Абай атындағы гимназияның бесінші сынып оқушысының басына мектеп сабағына дайындық кезінде мектеп шкафының сынған есігі құлап түсті.

– Соққы орнында абразиялар мен көгерулер болған жоқ. Бала әл-ауқатына шағымданбады. Ол үнемі сынып жетекшісінің бақылауында болды, – делінген хабарламада.
Сағат 11:14-те мектеп медибикесі ата-аналарға баланың жағдайы туралы хабарлады, кейінірек ата-атасы оны мектептен алып кетті.

– Бала 2013 жылы туған. Сағат 12:20-да өз бетінше жедел медициналық жәрдем станциясына жүгінді. Баланың денсаулығына тексеру жүргізіліп, рентген түсірілді, – дейді станцияның баспасөз қызметі.
Мидың шайқалуы байқалмайды, оң жақтағы самай аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі байқалады. Бала амбулаториялық негізде босатылды.