Басты жаңалықтар

Алматы тұрғыны күйеуі мен төрт баласын тастап, тұрмысқа шығып кеткен

Әйел "тойға кеттім" деп өзінің беташарына барған. Күйеуі мен төрт баласы оны жоғалды деп, полиция іздеуіне берген.

42 жастағы әйел 4 баласына келіп өзінің құлдықта болғанын айтқан. Бірақ, көп ұзамай оның тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Әйелдің жаңа жұрты оның алғашқы отбасы, балалары жайлы ешқандай ақпарат білмепті. Бұл туралы  KYN.KZ тілшісі Астарлы Ақиқат бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Әйел өз қызына хабарласып, екі апта жұмыс үшін 500 мың теңге табамыз деген келісіммен келгенін айтады.

Отбасы полицейлерге жүгінгеннен соң бес тәуліктен кейін келіншек Қызылорда облысынан табылған. Ол басқа ер адамға тұрмысқа шыққан.

Бұл оқиғалардың бәрін естіп, көріп отырған Жаңагүлдің күйеуі аң-таң. Айтуынша, арасында кикілжің болғанымен ерлі-зайыптының қарым-қатынасы жақсы болған. Бұл оқиғаға күйеуі ғана емес, әйелдің жаңа “төркіні” де таңданып отыр. Тұрмысқа шыққан күйеуі, отбасы Жаңагүлдің заңды некеде екенін, төрт баласы бар екенін білмеген.

Жанаргүл Керімбекова мұндай шщешімге күйеуінен көрген қорлығы, таяқтауы жеткізді деп отыр. Ал оны қызы Аружан болса анасынан заңды түрде өздерінен бас тартуды сұрап отыр. Онымен қоса жалғызбасты әкесіне өздері үшін алимент төлеуін сұрайды.