Елімізде 45 градус аяз болады
Мамандар алдағы екі күн аяз сақталатынын мәлім етті.
Дәл қазір Астанада 31-32 градус суық. Қарағанды облысында 35-39 градус. Бұл туралы KYN.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Жетісу өлкесінде аяз 33 градусқа дейін барады.
Қазгидрометтің мәлімдеуінше ақпанның 19-ы мен 21-і аралығында шығыста күн 45 градусқа дейін суытады.
Сондай-ақ осы Шығыс Қазақстанның солтүстігі мен шығысында, тіпті оңтүстіктегі Түркістан облысының кей аумағында бұрқасын соғады.
Жамбыл облысында жел көтерілген.
Екпіні кей тұстарда секундына 28 метрге дейін жетеді. Бұрқасын, тұман, көктайғақ.