Қоғам

Ақмола облысында өртенген үйден бір адам өлі күйде шығарылды

Ақмола облысында өртенген үйден бір адамның денесі табылды

Бүгін таңертең Ақмола облысының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйдің 65 шаршы метр аумағы өртке оранды. Бұл туралы KYN.KZ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"19 ақпанда сағат 04.45-де Ақкөл ауданы, Енбек ауылы, 65 шаршы метр алаңда жеке тұрғын үйде өрт шықты", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 бірлік техника барған.

ТЖД мәліметінше, өрт сағат 06.55-де оқшауланды, сағат өрт 08.18 жойылды.

Үйіндіні бөлшектеу кезінде өрт орнында 1966 жылы туған азаматтың денесі табылды.

Ведомстводағылар қызыл жалынның шығу себебі анықтап жатыр.