Басты жаңалықтар

"Мас күйде көлік жүргізген": Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев есімді 23 жастағы жігіт қамалды

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев есімді 23 жастағы жігіт жол ережесін сақтамағаны үшін ұсталды.

Іс материалдары Жоғарғы сот сайтындағы сот кабинетінде жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ. 

"Ол 2024 жылғы 4 ақпанда Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатып, мас күйде көлікпен Тобаяқов көшесінің қиылысына шығып кеткен", - делінген іс материалында.

Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесін көрсетті. Сотта Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі кінәлі деп танылды. Нұрсұлтан Назарбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.