Қоғам

Жезқазғанда лауазымды шенеунік мүгедек қарттардың 44 млн теңгесін өз қалтасына басқан

Әлеуметтік мекеме тұрғындары бірнеше жылдан бері жәрдемақылары қолды болып жатқанын білмеген.

Мүгедек қариялардың әрқайсысынан алынған сома 500 мыңнан 1 жарым миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды KYN.KZ КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жемқорлыққа қатысты дау өткен жылдың сәуір айында шықты. Директор 29 адамның зейнетақысы мен жәрдемақысына қол салған.

Көбі жүріп тұра алмайды, біразының ақыл-есі кем. Бұлардан жалпы сомасы 32 миллион теңге жымқырған. Сонымен қатар ол төрт жылдан бері мекеме қызметкерлеріне үстемақы жазып, бөлінген ақшаны өзі алып келіпті. Осы арқылы тағы 12 миллион теңге пайда көрген.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы маниторингі агенттігінің ресми өкілі: — Әлеуметтік мекеме басшысы кінәсін толық мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 милион теңге шығынды толығымен өтеген. Сот үкімімен ол кәнілі деп таналып оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.