"Сатқындық, манипуляция жасады": Дильназ Ахмадиева құрбысы Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін айтты
Ахмадиева: Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын
Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева жақын құрбысы болған Мақпал Исабековамен араласпай кеткеніне 4 жылдай болғанын айтты, деп жазады KYN.KZ.
Әнші Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, екеуінің достығына қатысты бар шындықты ақтарды.
Өнер иесінің сөзінше, оның достықтан жолы болмаған. Әнші тіпті жақын құрбысы Мақпал Исабековамен де араласпай кеткен.
"Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әр түрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын", - деді Ахмадиева.