Саясат

"Әйелдерден қысым көретін еркектер де бар". Аманжол Әлтай ерлердің құқығы қалай қорғалатынын сұрады

Депутат: Қартайған шағында туған балаларынан қорлық көретін ата-аналар да бар

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай қоғамда еркектен қысым көретін әйелдер ғана емес, әйелдерден қысым көретін еркектер де бар екенін айтты, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасай отырып.

Әлтай атап өткендей, отбасы – өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар болып жатыр. Солардың қатарында ер азаматтан қысым көрген әйел ғана емес, әйелдерден қысым көретін еркектер де баршылық.

Ол заң жобасының авторлары мен ІІМ-нен қоғамдағы ер-азаматтар құқығы және ата-аналардың құқығы қалай қорғалатынын сұрады.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыланып жатыр.