Түнде Алматыда жер сілкінді
22 ақпан түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.
Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.
Афтершок. МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.
Айта кетері, сейсмологтар Алматыда магнитудасы 5.5 және одан да көп жер сілкінісі болмайды деген қорытынды жасады.