Қоғам

Түркістан облысында баланы аяусыз тепкілеген ер адам ұсталды

Түркістан облысында тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ер адамның баланы аяусыз ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ер адамның баланы теуіп жатқан видеосы Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Онда ер адам жерде отырған баланы тепкілеп жатқаны бейнеленген. Кейін ол балаға айғайлайды. Балалар жылап жатыр.


Өңірлік полиция департаменті пікір білдірді. "Түркістан облысында жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Істің тергелуі Түркістан облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында", - делінген полиция хабарламасында. Сондай-ақ ведомство өкілдері жалған ақпарат таратуға қатысты заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, азаматтардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраған.