Абай Бегей марқұм әйелінің зиратына барып, құран бағыштады (видео)
Әнші желідегі парақшасына 9 жыл бұрын қайтыс болған әйелінің бейітін көрсетті.
"Зымыраған уақыт-ай! Әкемнің қайтқанына - 28 жыл. Анашымның қайтқанына - 10 жыл өтіпті. Жұбайым Нұржанаттың өмірден қайтқанына - 9 жыл өте шығыпты.
Сіздерді еске алып, Құран бағыштаймын. Қатты сағынамын. Мейірімді, кешірімді Алла панасына алсын", - деп жазды Абай Бегей Instagram желісіндегі парақшасында.
Видеодан әншінің бейіт басына барып, бірінші жұбайының құлпытасын сүртіп жатқанын көруге болады.
Әншінің екінші рет үйленіп, барлық баласына ұйытқы болып отырғанын еске алған оқырмандары, оған денсаулық тілеп жатты.