Қоғам

Түркістан облысында балаларды аяусыз тепкілеген ер адам олардың өгей әкесі болып шықты

Түркістан облысындағы ер адамның балаларды тепкілеген видеоға қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол балалардың өгей әкесі болып шықты, деп хабарлйды KYN.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінен ер адамның кішкентай балаларды тепкен видеосын көрген-көрмегенін сұрап, уәкілетті органның қандай шара қолданғанын сұрады.

Балаға зорлық-зомбылық көрсеткен видео көпшілік арасында дау тудырды. Полиция 22 ақпанда күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.