Ұланғасыр Қамиев хит әні "Балқияға" қанша қаражат кеткенін айтты (фото)
Ұланғасыр Қамиев хит әні "Балқияны" жаздыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Қазіргі уақытта жас әнші Ұланғасыр Қамиевтің "Балқия" әні танымал хитке айналды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында аталмыш әнге қанша қаражат жұмсағанын айтты, деп жазады KYN.KZ.
Желі қолданушысының бірі әншіден "Құпия болмаса, "Балқия" әніне қанша шығын кетті?", - деп сұраған.
Ал Ұланғасыр Қамиев бейнебаянды қоспағанда, 500 мың теңге жұмсағанын айтты.
"Жалпы 500 мың теңге. Бұл баға бейнебаянды есептемеген кезде", - деп жауап берді.