Мәдениет

Ерке Есмахан мәһрге не сұрағанын айтты

Ол күйеуіне алғысын білдіріп, мәһрге не алғанын айтты.

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі.

Өнер иесі мәһрге не алғанын айтты. 

"Мен жолдасымның жылқылары болған соң, бір ақ тұлпар сұрағам. Ақшасын берді", - деді ол. 

Ол қазір бәрі дайын, сонда да өмір сүруім бір міндет дейді. 

"Үй жұмысы жасалып жатыр, бала бағылып жатыр, ақшаны күйеуім тауып жатыр. Бәрі дайын, сонда да менің өмір сүруім бір міндет әйтеуір. Бұрын азарт, талас, бәсеке. Біреуге де, өзіңе де бірдеңе дәлелдегің кеп жүретін кездер де жақсы екен ғой. Қатты "комфортқа" түсіп кеткен болмайды екен. Жағдайымды жасап қойған күйеуіме рахмет, әрине. Шүкір! Бірақ, Райым, қымбатты күйеуім, алдағы уақытта тойға, туған күнге, мерекелік іс-шараларға бармаймын, ерініп тұрмын десем де, мобилографымды қасыма ертіп "бар, бар" деп үйден шығарып жіберші, өтініш. "Шопингтен" алған қырғын киімді киіп, суретке түсіп жүруім керек қой. Барлығыңыздың проблемаларыңыз менікіндей болсын. Өзім-ай, өзім", - деп жазды әнші.