Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу кезінде жер сілкінісі тіркелді
Алматылықтар сейсмикалық жаттығу кезінде жер сілкінісін сезді.
Алматыда тағы 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС таратқан мәлімет бойынша, жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 10:08-де тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Бұл елде афтершок болған. Магнитудасы - 5,2. Ал Алматыда 2 балл болып сезілген.
"Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелең салмауға кеңес берді.