Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Прокурор бүгінгі сотта экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын 12 жылға бас бостандығынан айыруды, орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтеуді сұрады.
Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының соты өтіп жатыр. Сотта тараптар арасында пікірталас болды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлы айыпталып жатқан эпизодтарды бір сағаттай тізіп шықты. Олардың қатарында миллиондаған долларды ұрлау, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары және рейдерлік әрекетке бару. Соңғысы "Дипломат" қонақүйі туралы болып отыр. Бұған дейін мемлекеттік айыптау тарапының айтуынша, "Дипломат" қонақүйінің иесі Қ. ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлынан көмек сұрап, бұрынғы мәдениет және спорт министрі 2,5 млрд теңге беруге келіскені хабарланған.
Мұның орнына Мұхамедиұлы, прокурордың сөзіне қарағанда, 71 пайыз үлесті енесінің атына рәсімдеуді сұраған. Содан кейін қалған үлесті беруді де сұрайды, бірақ Қ. мырза бұған келіспейді. Ал бұрынғы министр кәсіпкерді қонақүйге кіргізбеу туралы бұйрық береді. Қонақүй иесі мен Мұхамедиұлының арасында жанжал басталады. Сондай-ақ, прокурордың айтуынша, экс-министр өз адамдарын қонақүйге жұмысқа орналастырып, өз өкілетін жиі асыра пайдаланған.
Прокурор Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді деп есептеді. Бірақ жауапкерде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар жоқ. Жеңілдетілген жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыра отырып, прокурор мүлкін тәркілеусіз 8 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Мұхамедиұлына осыған дейін жаза тағайындағанын ескере отырып, жиынтық толықтыру арқылы прокурор экс-шенеунікті өмір бойына мемлекеттік қызмет және бірқатар ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырумен, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтеуді сұрайды.