Қоғам

"Күйіп қалған": Өгей әкесі аяусыз тепкілеген бала қазір ауруханада жатыр

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева өгей әкесінен таяқ жеген баланың хал-жағдайын айтты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Сайрам ауданында ер адамның балаларды соққыға жығып жатқан видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Динара Зәкиеваның сөзінше, кеше осы жаңалықты ести сала Түркістан облысының прокуратурасына және өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Егембердиевамен байланысқа шыққан.

"Қылмыстық іс қозғалды. Ер адам (өгей әке) ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ұл бала ауруханада жатыр. Алдын ала берілген мәлімет бойынша ол үйінде күйіп қалған. Баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бұл бала осы уақытқа дейін таяқ жеп келген екен. Тергеу амалдарының арқасында істің мән-жайы анықталып жатыр, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Instagram-дағы парақшасында.