Жалғас Жұмағұлов аяғы сынғанына қарамастан америкалық қарсыласын жеңді
35 жастағы қазақстандық файтер мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді
Алматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен (15-9) АҚШ өкілі Кливленд Маклин (17-11) кездесті.
Кездесу аса жеңіл салмақта өтті және үш раундқа созылды. Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек барысында аяғын сындырып алғанына қарамастан белгіленген уақыт аяқталғанша өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша 35 жастағы қазақстандық файтер мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді. Ал Кливленд Маклин 12-рет жеңіліс тапты.
Бұл Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жегі болды. Ол 2023 жылы UFC промоушенінен шыққан соң, Naiza лигасында дебют жасады. Сол дебютінде Жұмағұлов жапониялық файтер Масато Накамураны (9:8) нокаутпен жеңген болатын. Ал Кливленд Маклин осыған дейін 2023 жылдың тамызында жекпе-жек өткізіп, отандасы Фуми Нкутадан жеңіліп қалған еді.