"Төсек арқылы алды деді": Құралай Анарбекова жанына бататын өкініші туралы айтты
Актрисаның сөзінше, ол жеңіп алған "Ақтөбе аруы" атағы жайлы ел арасында түрлі қауесеттер тарап, төсек арқылы алды дегендер болған.
Отандық актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова "Ақтөбе аруы" байқауына қатысқан кезінде жеңіске жеткені үшін қатты өкінетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ "Мамский әңгіме" подкастына сілтеме жасап.
Актриса өзін көре алмаған жандар "Ақтөбе аруы" атағы оған төсек арқылы келді" деген қауесеттер таратқанын жеткізді.
"Ол кезде 16 жаста болдым. Өзімді көрсетіп, танымал болғым келді. Бірақ "Ақтөбе аруы" атанғаныма өкіндім. Өйткені 16 жасымда өзіме қатысты ауыр сөздерді есту қиын болды. Ұтылған қыздар бар, тағы басқа жандар көре алмаушылықтан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты. Олар бұл атақты төсек арқылы, біреу арқылы алды деген қауесет таратты. Бұл сөздер жаныма қатты батты. Ата-анам естемесе екен деп тілейтінмін. Ол кісілерге мұндайды есту қиын болар еді. Жалпы "мисс" деген қыздардың артынан жақсы сөздер ермейді. Мен бұндайды білгенде бұл қадамға ешқашан бармас едім. Қатты өкінемін", - деді Құралай Анарбекова.