ТЖМ жер сілкінісі кезінде көп қабатты үйлердің тұрғындары білуге тиіс 10 ережені атады
Соңғы кездері Алматы қаласында жер дүмпулері жиілеп кетті. Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі бірқатар тұрғындарды ережелерді ұстануға шақырады.
ТЖМ биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады, деп хабарлайды KYN.KZ.
- Дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
- Жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
- Жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
- Жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
- Ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
- Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
- Алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
- Ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
- Балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Сонымен қатар, сейсможаттығу қорытындысы бойынша алматылықтармен онлайн кездесу өтті. Нақтырақ айтқанда, ТЖМ, ТЖД қызметкерлері мен сейсмологтар Мүлік иелері бірлестігінің өкілдері арқылы «WhatsApp» арқылы сейсмикалық жаттығуға қатыспаған алматылықтармен онлайн форматта кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.