Адамдар жаппай астан уланған: Маңғыстау облысында дәмхана иесі сотталуы мүмкін
Бейнеу ауылындағы дәмхана иесі сотталуы мүмкін
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында адамдардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды.Фастфуд орталықтың қожайыны сотталуы мүмкін,-деп хабарлайды KYN.KZ 24.КZ.арнасына сілтеме жасап.
Қазір асханадағы тамақ құрамы лабораториялық тексеріске жіберілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң, процессуалдық шешім қабылданады, дейді полицейлер.
Еске сала кетсек, Бейнеу ауылында тапсырыспен пицца, суши алдырған 37 адам ұшынып қалған. Қазір аудандық ауруханада 27 адам емделіп жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты. Арасында жүкті әйелдер мен балалар бар.
Айболат Мұрзашев, ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы: